Түркология құрылтайына 100 жыл
Биыл 1926 жылы Баку қаласында өткен тұңғыш түркология құрылтайының 100 жылдығы. Түркі әлемінің ортақ ғылыми және мәдени кеңістігін қалыптастыруда бетбұрыс жасаған бұл жиынның тарихи салмағы зор. Осыған орай Анкара қаласында Түркі академиясы мен Әлеуметтік ғылымдар университеті арнайы жиын өткізді. Бұл басқосуда 100 жыл бұрынғы зиялы қауым өкілдерінің бастамаларын жалғастырған Түркі академиясының жүйелі жұмыстары талқыланды. Айталық осыдан бір ғасыр бұрын Баку қаласында түркі халықтарына ортақ латын әліпбиін жасау туралы шешім қабылданған еді. Алайда бұл тарихи қадам Түркі академиясының үйлестіруімен тек 2024 жылы жүзеге асты. Жиын аясында сондай-ақ тарихи құжаттар мен фотосуреттер көрмесі де өтті.
Шахин Мустафаев, Түркі академиясының президенті:
Түркі академиясы 2025 жылы алғаш рет ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы мен қырғыздың көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын латын қаріптеріне негізделген ортақ түркі әліпбиімен жарыққа шығарды. Бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта өзбек халқының көрнекті ақыны Ғафур Ғұлам еңбектерін де латын әліпбиінде шығару жоспарда бар.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты: Топтық кезең аяқталды
29.06.2026, 20:19
Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
29.06.2026, 20:16
Aqtobe Cinema кинотеатры ашылды
29.06.2026, 20:12
Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды
29.06.2026, 20:09
Пәкістаннның шабуылынан 38 адам қаза тапты
29.06.2026, 20:07
Сенат 30 жылда 3,5 мыңнан астам заң қабылдаған
29.06.2026, 20:05
Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктес атанды
29.06.2026, 20:04
Баспана кезегінде кімдерге басымдық беріледі?
29.06.2026, 20:03