Қытайлық қандасымыз атажұртты велосипедпен аралап жүр
Қытайдың Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген қандасымыз Бүрлен Әділетқызы Қазақстанды велосипедпен аралап жүр.
21 жастағы веложиһангез бұл жолғы сапарын Ақтау қаласынан бастады. Каспий
жағалауында бірнеше күн аялдап, шаһардың көрікті орындарын тамашалаған ол енді
Бекет ата, Шопан ата секілді киелі мекендерге барып, зиярат етуді жоспарлайды.
Одан әрі батыс өңірлерге бет алып, Астана күніне дейін елордаға жетуді
көздейді. Сапар барысында жергілікті тұрғындармен жүздесіп, өз халқының
салт-дәстүрі мен тарихы туралы мағлұматтар жинамақ. Айта кетейік, Бүрлен
Әділетқызы бұған дейін 2024 жылы Үрімші қаласынан Астанаға дейінгі аралықты 26
күнде велосипедпен жүріп өткен.
Бүрлен Әділетқызы /ҚХР/:
Осы жолғы сапарымда біраз сәл уайымдау бар, өткендегі сапарыма қарағанда. Өйткені қазақ елін қатты түсініп жатқан жоқпын ғой. Енді келіп жатырмын. Сосын осылай жүріп, түсініп өтсем деген оймен жүрмін. Маршрут жасаған кезде байқағаным, өте көп ұзақ қашықтықта елді мекендер.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16