Басты Жаңалықтар Бүгін – Мемлекеттік күзет қызметі күні

Бүгін – Мемлекеттік күзет қызметі күні

Бүгін – Мемлекеттік күзет қызметі күні. Бұл құрылым 2014 жылы, бұрынғы Республикалық ұлан мен Президенттің күзет қызметінің бірігуі негізінде құрылған. Мемлекеттік күзет қызметі Президенттің, Премьер-Министрдің, Сенат пен Мәжіліс төрағаларының, сондай-ақ экс-президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар елімізге ресми сапармен келген шет мемлекеттер басшылары мен үкімет және парламент жетекшілерінің қауіпсіздігі де осы қызметке жүктелген. Қажет болған жағдайда халықаралық ұйымдар басшылары да қорғалады. Бұл салада қызмет ететін мамандардан жоғары кәсібилік, батылдық пен төзімділік талап етіледі.

Мейрамбек Алматов, Мемлекеттік күзет қызметінің офицері:
Бастапқы даярлық курстарынан өтеді. Курста олар спорттық және арнаулы қызметімізге қатысты заң нормаларын зерттеледі. Айта кету керек біздің жеке құрамның үлкен бөлігін өзіміздің әскери бөлімшелеріміздің мерзімді қызмет атқаратын азаматтары құрайды. Кез келген салының қиындығы бар. Бірақ біз кез келген жағдайға төтеп беруге дайынбыз.


Бөлісу