31 мамырға дейін Дубайға ұшу тоқтатылды
Таяу Шығыстағы ахуалдың тұрақталмауына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға және Таяу Шығыстың басқа да бағыттарына ұшуды тоқтата тұру мерзімін 31 мамырға дейін ұзартты. Әуе билеттері алынып қойса, толық құны айыппұлсыз қайтарылады немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады. Сондай-ақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерте алады. Егер билет бұрын айыппұл алынып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды. Әуекомпания өңірдегі жағдайды бақылауды жалғастырып, қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларға хабарлап отыратынын мәлімдеді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04