Басты Жаңалықтар Қазақстандағы демократиялық реформалар жоғары бағаланды

Қазақстандағы демократиялық реформалар жоғары бағаланды

Еуропа кеңесі Парламенттік Ассамблеясының депутаттары Қазақстандағы соңғы реформаларды жоғары бағалайды. Бұл туралы парламентарийлер Страсбургте өткен «Қазақстандағы конституциялық және парламенттік реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі» атты басқосуда мәлімдеді. Шараға Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінің хатшысы Евгений Больгерт қатысып, соңғы өзгерістерге жеке-жеке тоқталды. Еуропарламентарийлер, Еуропа кеңесінің өкілдері мен сарапшылардың пайымынша, соңғы реформалар азаматтардың құқығын кеңейтіп, биліктің бұқара алдындағы жауапкершілігін күшейткен. «Бұл халық үніне құлақ асатын Әділетті мемлекет құрудың маңызды қадамы» дейді басқосуға жиналғандар. Заң үстемдігін, демократияны дамытуға басымдық берілгенін оң бағалаған еуропарламентарийлер біздің елмен сындарлы диалогты тереңдетуге ниетті.

Жолт Немет, Еуропа Кеңесі парламенттің Ассамблеяның депутаты:

Біз елдеріңізде демократияның, адам құқықтарының және заң үстемдігінің одан әрі нығаятынына және осы жазда сайлауды сәтті ұйымдастыратындарыңызға сенімдіміз. Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі, еуропалық институттар арасындағы қарым-қатынас онан әрі бекемдей түседі деген үміттемін.

Эммануэль Дюпюи, Еуропадағы сараптама және қауіпсіздік институтының президенті:

Конституцияны жаңартуға құрылымдық, инклюзивті тәсіл арқылы жаңа құқықтарды енгізу әдісі қолданылғаны назар аударарлық. Және Қазақстанның Ата Заңды ашық әрі қоғамның пікірімен санасу арқылы өзгерткені көптеген ел үшін үлгі.


Бөлісу