Астана әуежайында электр кабельдерінен өрт шығып, іштегі адамдар эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әуежайында электр кабельдерінен өрт шығып, іштегі адамдар эвакуацияланды

27.02.2024

Астана халықаралық әуежайындағы терминалда электр кабельдерінен өрт шығып, іштегі адамдар эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, 112 нөміріне Астана халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқан бөлмесінен өрт шықты деген хабарлама түскен. Жедел жеткен мамандар өртті өшірді. №2 серверлік терминалда шамамен 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанғанын хабарлады.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу