Астанада өртке қарсы оқу-жаттығу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

20.08.2018

Өрт сөндірушілер зәулім ғимараттағы отты өшіруге бағытталған оқу-жаттығу өткізді. Сценарий бойынша Астана қаласындағы 53 қабатты бизнес орталықтың 22-ші қабатында электр сымдары тұйықталып, өрт тұтанған. 

Тактикалық жиынның шарты бойынша нысандағы барлық адамдар эвакуацияланды. 2600-ге жуық қызметкерлер ғимараттан 22 минут дегенде шыққан. Ал жалын ошағы лезде табылып, бірден ауыздықталды. Оқу-жаттығуға барлығы  60 өрт сөндіруші қатысып, 7 техника қолданылған.  Осылайша, олар биік нысандарда болатын төтенше жағдайға өз дайындықтарын пысықтады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу