Cемейде өрттен 31 адам құтқарылды
Семей қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 31 адам құтқарылды. Оның 16-сы бала.
Өртсөндірушілер Физкультурная көшесіндегі үйдің 6-қабатынан автосатымен 2006 және 2008 жылғы екі баланы қою түтіннің арасынан алып шықты. Улану белгілері болғандықтан олар медициналық мекемеге жеткізілді. Қалғандары баспалдақ арқылы құтқарылған. Тағы 50 адам қауіпті аймақтан эвакуацияланды. Ал балаларға көмектеспек болған пәтер иесі күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіруге 40 адам және 10 техника жұмылдырылған.
Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан шыққан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
06.03.2026, 10:16
Алматыда «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебатына дайындық басталды
06.03.2026, 10:15
Елорда мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілмеген
06.03.2026, 10:14
Қостанайда 260-тан аса оқушысы бар мектеп карантинге жабылды
06.03.2026, 10:13
Еуропарламент депутаты: Қазақстанның тәжірибесі Германияға да керек
06.03.2026, 10:12
Қостанайда референдум қарсаңында салааралық диалог өтті
06.03.2026, 10:11
Олжас Бектенов Көкшетау теміржол вокзалын жаңғырту барысын тексерді
06.03.2026, 10:07
Дубайда әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар қатаң жазаланады
06.03.2026, 10:06