Алматы облысында өрттен 8 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында өрттен 8 адам құтқарылды

06.08.2021

Алматы облысының Талғар қаласында көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, 8 адам құтқарылды. Олардың алтауы бала.

Жалындаған от үшінші қабаттағы пәтерден шыққан. Айналасы 10 минуттың ішінде үй ішін қою түтін басып, тұрғындарға қауіп төнді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында барлық адам эвакуацияланды. Қызыл жалынның ғимарат шатырын шарпып, көрші үйлерге таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.

Күләш Шоқабаева, Талғар қаласының тұрғыны:
Екі немерем ұйықтап жатқан. 15-20 минуттан кейін үйге келсем өрт болып жатыр екен. Өрт сөндірушілерге рақмет. Дер кезінде келіп бала-шағамды, тұрғындарды аман-есен алып шықты.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу