Петропавлда өртеніп жатқан үйден адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда өртеніп жатқан үйден адам құтқарылды

15.01.2024

Петропавлда көппәтерлі үйде өрт болып, 10 адам эвакуацияланды. Оның үшеуі – бала. Оқыс оқиға жұмысшы кентінде тіркелді. Мамандардың айтуынша өрт темекі тұқылынан шыққан. Екінші қабатта тұратын әйел шылым шегіп жатқан күйде ұйықтап кеткен. Өрт сөндірушілер улы газдың әсерінен есінен танып қалған үй есін сыртқа шығарып, алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. Эвакуацияланған адамдар өз баспаналарына оралды. Солтүстік Қазақстанда өткен аптада 10 өрт оқиғасы тіркелді. Алтауы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу