АҚШ-та айдағы ғарыш аппараты аударылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та айдағы ғарыш аппараты аударылып қалды

26.02.2024

Одиссей cүрінді. Өткен аптада айға қонған американдық ғарыш аппараты кедергіге тап болып, бір жақ қапталына аударылып қалған. Дегенмен оның аспаптары қалыпты жұмыс істеп тұр. Ғалымдар робот түсірген Айдағы Шомбергер кратерінің көрнісін жариялады. Ғарыш модулі қайта қалпына түсе ала ма жоқ па ол жағы әзірге белгісіз. Десе де мамандар әлемде алғаш рет жеке компания айға қондырған аппарат осы күйінде де барлау және бақылау жұмыстарын жүргізіп, құнды ақпараттар жинайтынына сенімді. Айта кетейік, бұл сондай-ақ Америка тарихында жарты ғасыр үзілістен соң айға қоған алғашқы мобуль болып отыр.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу