«KazSat-3» спутнигі Байқоңырға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazSat-3» спутнигі Байқоңырға жеткізілді

25.03.2014
«KazSat-3» спутнигі Байқоңырға жеткізілді
24 наурызда «Байқоңыр» ғарыш айлағына қазақстандық «KazSat-3» спутнигі жеткізілді, деп хабарлады «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ президенті Виктор Лефтер. 
 
«Академик М.Ф. Решетнёв атындағы «Ақпараттық спутник жүйелері» (АСЖ) ААҚ хабарламасы бойынша, «KazSat-3»-пен бірге Байқоңырға сондай-ақ, ресейлік «Луч-5В» ғарыштық аппараты да жеткізілген. Екі ғарыштық аппаратты да Решетнев атындағы АСЖ мамандары жасаған.
 
«Спутниктерді ғарыш айлағына жеткізу штаттық режимде өтті. Оларды тасымалдауға арнайы контейнер қолданылды, оның габариттері бір мезгілде орта кластағы екі ғарыштық аппаратты тасуға мүмкіндік береді. «АСЖ» компаниясының мамандары аппараттарды тасымалдау кезінде контейнер ішіндегі оңтайлы жағдайды қамтамасыз ете білді», - делінген хабарламада.
Академик М.Ф. Решетнёв атындағы «Ақпараттық спутник жүйелері» (АСЖ) мамандары таяудағы уақытта ғарыштық аппараттарды алдағы қосарлана ұшыруға әзірлеуге кіріседі.
 
Телекоммуникациялық «KazSat-3» ғарыштық аппараты Қазақстан мен шекаралас мемлекеттер аумағында байланыс, телехабар тарату және жоғары жылдамдықтағы Интернет қызметтерін ұсынуға арналған.
 
Спутник «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ-мен (Қазақстан Республикасы) келісуімшарт бойынша жасалып, әзірленген. Спутник 28 Ku-диапазоны транспондерлерімен жабдықталған. Спутниктің белсенді қызмет ету кезеңі 15 жылды құрайды.
 
«Луч-5В» аппараты «Луч» ретрансляциясы көпфункциональды ғарыштық жүйесінің үшінші спутнигі, ол ХҒС ресейлік сегментімен, төменгі орбиталық ғарыш аппараттарымен, зымырын тасығыштармен, ұшыру блогтарының жерүсті стансаларымен байланысты қамтамасыз етуге арналған. Спутник 2006-2015 жылдарға арналған Ресей Федералдық ғарыштық бағдарламасы ауқымында дайындалған.
 
«KazSat-3» және «Луч-5В» ғарыштық аппараттарын 2014 жылғы 28 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағының №81 алаңынан «Протон М» ғарыштық зымыран тасығышымен ұшыру жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу