Қазақстан 2014 жылы 3 ғарыш аппаратын ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 2014 жылы 3 ғарыш аппаратын ұшырады

06.03.2014
Қазақстан 2014 жылы 3 ғарыш аппаратын ұшырады
ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің жоспарына сәйкес, сәуір айының соңына қарай Жерді алдын ала қашықтықтан тексеретін алғашқы қазақстандық жерсерік ұшырылады. 
 
«Қазғарыштың» тапсыруымен  «EADS Astrium» француз компаниясы жасаған бұл жоғары кеңістікті шешімді ғарыш аппараты «Вега» зымыран тасығышымен Куру (Француз Гвианасы) ғарыш айлағынан ұшырылады.
 
Сондай-ақ, сәуір айында қазақстандық ғарыш айлағы Байқоңырдан «Қазсат-3» қазақстандық байланыс спутнигін ұшыру көзделген. Үшінші телекоммуникациялық «Қазсат» сериясының ғарыш аппараты  «Протон-М» зымыран тасығышы арқылы ресейлік «Луч5В»  жерсерігінің тобымен  ұшырылады.
 
Бұған қоса, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында «Қазғарыш» Жерді алдын ала қашықтықтан тексеретін спутникті ұшыруды көздеп отыр. Бұл аппарат «EADS Astrium» еуропалық концернімен жасалған. Оны ресейлік «Ясный» ғарыш айлағынан (Орынбор облысы) «Днепр» зымыран тасығышымен ұшыру жоспарланып отыр.
 
«Қазғарыш» басшысы Талғат Мұсабаев атап өткендей, қазіргі уақытта еліміздің ғарыш саласы қарқынды дамып келеді. Жердегі инфрақұрылымы бар отандық телекоммуникациялық аппараттар, жоғары дәлдігі бар спутниктік навигацияның ұлттық жүйесі іске қосылды. Оның ішінде бірқатар ғылыми жоба жүзеге асып, болашақта даму жоспары құрылды, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағына қатысты шаралар да бар.
 
Сондай-ақ, әлемнің жетекші компаниялармен (Франция, Ұлыбритания) ғарыш аппараттарын өндірістік сынау базаларын, арнайы конструкторлық бюро, Жерді алдын ала қашықтықтан тексеретін және ғылыми-техникалық бағыттағы спутниктерді құру бойынша ірі жобалар жүзеге асуда. 
 
«Алдағы уақытта Жерді алдын ала қашықтықтан тексеретін спутникті ұшыру - халықаралық ынтымақтастықтың алғашқы тәжірибелік нәтижесі болады»,- деді ол.

Хабарламаларға жазылу