Қытайлық ровердің Марста жүргені жайлы бейнекадрлар жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайлық ровердің Марста жүргені жайлы бейнекадрлар жарияланды

28.06.2021

Қытай ұлттық ғарыш басқармасы "Чжужун" роверінің Марстың үстінде жүргені туралы видео жариялады. Бейнекадрларды Қызыл планетаның үстіне орнатылған камера түсірген. Аппарат бұл ғаламшарға мамырдың 14-де қонып, 42 күнде 379 шақырым жүрген. Айта кетейік, мұнда бір тәулік 24 сағат 39 минутқа созылады. Осыған дейін Марсқа АҚШ зондты сәтті жіберген еді. Ал, Ресей аттандырған марсоход Жер орбитасынан шыға алмай қалды. Еуропа ғарыш агенттігінің ровер жіберу әрекеті де екі рет жүзеге аспады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу