Қытай Айдың арғы бетінде зерттеу жүргізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Айдың арғы бетінде зерттеу жүргізіп жатыр

05.11.2019

Қытайдың «Юйту-2» ғарыштық аппараты Айдың арғы бетінде зерттеу жүргізіп жатыр. Осы мақсатта ол жыл басынан бері 319 метрдей жолды бағындырған. Мұны Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасының Айды зерттеу және ғарыштық бағдарламалар орталығы мәлімдеді.

Аппарат Айдағы температураның Цельсий өлшемі бойынша 190 градусқа дейін төмендеуіне байланысты, оқтын-оқтын жұмыс істейді. Бұған дейін ол қазанның 22-нен бастап Жердің уақытымен екі аптадай үздіксіз қызмет еткен. Сол аралықта ол жаңа ғылыми деректер мен материалдарды жинап, оларды талдау үшін ғаламшарымызға жіберді. Енді бүгіннен бастап Айдың екінші жағын зерттеуді мақсат еткен «Юйту-2» тағы «ұйқы режиміне» ауысады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу