«KazSTSat» ғарыш аппаратының ұшырылғанына 3 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazSTSat» ғарыш аппаратының ұшырылғанына 3 жыл толды

03.12.2021

«KazSTSat» микроспутниктің ғарышқа ұшырылғанына 3 жыл толды. Бұл ғарыш аппаратын Қазақстан мен Ұлыбритания инженерлері бірлесіп жасаған. Борттағы компьютер, жерасты станциясы, күн датчигі, оптикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін отандық инженерлер ойлап тапқан. Бұл технологиялар ғарыштағы сынақ кезінде жақсы нәтиже көрсетті.

Бастапқы жоспар бойынша микроспутник технологиялық мақсатта жасалған. Алайда қазір оны ғарыштық түсірілім жасау үшін де қолданады. Шағын ғарыш аппараты жерді күніне 14 рет айналса, оның үшеуінде Қазақстанның үстінен өтеді. Отандық инженерлер мұндай төменгі орбиталы жерсерігін келешекте толықтай өздері жасап шығармақ.

Берік Жұмажанов, Ғарыш аппараттарын жасайтын компанияның инженер-конструкторы:

Қазіргі таңда бізде ғарыш апараттарын құрастыру және сынау кешені салынып жатыр. Сол жасалып бітсе, тапсырыстар аламыз деген ойдамыз. Жобалап, құрастырып, сынақтан өткізіп бере аламыз.


Хабарламаларға жазылу