Әлемде корнавирустан 177 мың адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде корнавирустан 177 мың адам қайтыс болды

22.04.2020

АҚШ-та короновирус эпидемиясының екінші толқыны тіпті жойқын болуы мүмкін. Себебі ол тұмау маусымымен тұспа-тұс келейін деп отыр. Мұны бүгін осы елдің індеттерді бақылау мен алдын-алу орталығы мәлімдеді.

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, Құрама Штаттарда Covid-19 инфекциясын 800 мыңнан астам адам жұқтырып, одан 45 мыңға жуығы қайтыс болған. Ал Президент Дональд Трамп болса, иммигранттарды 60 күнге дейін елге кіргізбейтінін ескертті. Себебі америкалықтарды вирус пен жұмыссыздықтан қорғау қажет болып отыр.

Соңғы ақпаратқа қарағанда, планетада коронавирус табылған адамдар саны 2 жарым миллионнан асып, одан 177 мыңы қайтыс болды. Дегенмен, қазір бүкіл әлем жұртшылығы үйде отырғандықтан, жер шары тазарып қалды. Мәселен, Римде ауаның ластану деңгейі былтырғы жылдың наурызымен салыстырғанда 49 пайызға азайған. Осыған ұқсас жағдай Үндістанда, АҚШ-та, Фрацнияда, Сиднейде, Оңтүстік Африкада және тағы басқа елдер мен территорияларда байқалып отыр. Планетада экологиялық ахуалдың жақсарғанын Американың ұлттық ғарыш агенттігі – НАСА хабарлады.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу