АҚШ-тағы Сан Антонио тауында адасып кеткен қазақстандықтар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тағы Сан Антонио тауында адасып кеткен қазақстандықтар құтқарылды

16.02.2024

АҚШ-тағы Сан Антонио тауында адасып кеткен қазақстандық 6 азамат құтқарылды. Олар теңіз деңгейінен 3 мың метр биікке көтерілген кезде, Аю шатқалы арасында жолдан адасқан. Қиындыққа тап болған саяхатшылар құтқарушыларға хабарласқан. Лос-Анжелестен арнайы тікұшақ келгенше, тауда қалған алтау киімдерін жағып, амалдаған. Құтқарылған отандастарымыздың жағдайы жақсы. Медициналық көмекке жүгінбеген.


Хабарламаларға жазылу