Австрияда 150-ден астам шаңғышы құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австрияда 150-ден астам шаңғышы құтқарылды

30.01.2018

Австрияда 150-ден астам шаңғышы Крайшберг тауында 10 метр биіктікте сынып, тоқтап қалған көтергіштен құтқарылды. Жергілікті тілшілер оның техникалық ақаулардың кесірінен істен шыққанын хабарлап отыр. Құтқару операциясына полицейлер мен 6 тікұшақ қатысты. Курорт басшысы Карл Фуссидің айтуынша, қазір туристер қауіпссіз әрі жылы жерге орналыстырылды. Оқиғадан ешкім де зардап шеккен жоқ.

Томирис АБИШЕВА

Хабарламаларға жазылу