Шәкен Аймановтың 100 жылдығы ЮНЕСКО естелік күндері тізіміне енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәкен Аймановтың 100 жылдығы ЮНЕСКО естелік күндері тізіміне енгізілді

30.07.2014
Шәкен Аймановтың 100 жылдығы ЮНЕСКО естелік күндері тізіміне енгізілді

Павлодар облыстық Мәдениет басқармасының мәліметі бойынша, 22 тамыз күні Шәкен Айманов атындағы «Жұлдызды Жасыбай» атты ретро-фестивалдің ашылуы өткізіледі, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«Жұлдызды Жасыбай» дәстүрлі фестивалі биыл Шәкен Аймановтың туған жері Баянауыл ауданының Жасыбай көлі жағасында өткізілмек.

Қазақстандық жұлдыздар Шәкен Айманов кинофильмдеріндегі әндерді орындайды. Фестиваль қонақтарының арасында «КешYou», «Rin’Go» және «Аюми» топтары, сахна әртістері Ерке Есмахан, Ринат Малцагов, Меруерт Түсіпбаева, жүргізушілер Баян Есентаева, Тұрсынбек Қабатов, киноактерлер Ғани Құлжанов, Гүлбаушан Тілеубекова және басқалары болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық режиссердің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО ұйымының естелік күнтізбесіне енгізілді.

 

Хабарламаларға жазылу