Мәскеудің орталығында 1,5 мың шаршы метр жер өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеудің орталығында 1,5 мың шаршы метр жер өртенді

15.02.2024

Мәскеудің қақ орталығында орналасқан ғимарат өртке оранып, тілсіз жау 1.5 мың шаршы метрді шарпыды.

Индира Бегайдар,тілші:

Өрт туралы хабарлама Мәскеу уақытымен таңғы алтылар шамасында түскен. «Известия холл» ғимаратының ішінде басталған өрт тез тарап, ғимараттың шатыры өртеніп кетті. Сонымен қатар металл құрылымның күмбезі құлаған. Тілсіз жаумен күреске 120 өрт сөндіруші мен 35 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ. Төтенше жағдайға байланысты Мәскеудің орталығындағы бірнеше көше жабылды,«Пушкинская» мето станциясына да кіру мүмкін емес. Қала прокуратурасы процедуралық тексерулердің басталғанын хабарлады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу