Алматыда сауда үйі өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сауда үйі өртенді

22.11.2021

Алматыда сауда үйі өртенді. Қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты қамтыған. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт басталғанда нысанда ешкім болмаған. Тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды. Десе де, бірінші қабаттағы сатуға қойылған тауарлар жанып кетті. Куәгерлердің сөзінше, ғимараттың үстіңгі бөлігі бос болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Хабарламаларға жазылу