Жаңадан құрылған үш облыс орталығында баспана қымбаттап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңадан құрылған үш облыс орталығында баспана қымбаттап жатыр

07.07.2022

Жаңадан құрылған үш облыс орталығында баспана қымбаттап жатыр. Семей, Жезказған мен Қонаевта тұрғын үй құны бірден 10%-ке өскен. Жылжымайтын мүлік федерациясының өкілдері Семейде пәтерлер шаршы метріне 300 мың теңгеден сатылып жатқанын айтады. Қонаевта үйдің шаршы метрі 250-300 мың теңге шамасында. Алайда сарапшылар сұранысқа қарай баға әлі де өзгереді деп санайды. Мұндағы үйлердің көбі ескі. Сондықтан тұрғындардың табысы мен үй сатып алу қарқынына қарай баға тұрақталуы да мүмкін. Бірақ өңірлерде жаңадан соғылатын тұрғын үйге сұраныс та жоғары, бағасы да арзан болмайын деп тұр. Ал риелторлар қауымдастығы жаңа облыстарда үй 1,5 есе қымбаттағанын жеткізді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу