Петропавлдағы жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдағы жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды

18.11.2022

Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығында болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазір «Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, кеше техникалық қызмет көрсету орталығында жарылыс болып, 100 шаршы метр аумақ өртенді. Алдын-ала болжам бойынша, көліктердің біріне орнатылған газ құрылғысы жарылған. 10 авто көлік зақымданды. Апат кезінде ғимарат ішінде болған жұмысшылары мен көлігін жөндетуге келген бірнеше адамды күйік шалды. Қазір ауруханада жатқан 5 адамның жағдайы орташа ауыр.

Валерий Грибашов, жарақат бөлімшесінің меңгерушісі:

9 адамның төртеуі 3-ші және 4-ші деңгейдегі термиялық күйік алған. Негізінен беті мен қолдарын жалын шарпыған. Олар тиісті медициналық көмек алғаннан кейін үйлеріне жіберіледі. Қалған 5 адам ауруханаға жатқызылды. Негізінен науқастардың денесінің 10 пайызы күйіп қалған. 4 адам жарақат, біреуі жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Оған пластикалық операция жасау қажет болуы мүмкін.

Эльмира Каленова

Хабарламаларға жазылу