Алматыда қойма өртенді: Зардап шеккендер жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қойма өртенді: Зардап шеккендер жоқ

16.01.2023

Алматыда құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді. Оттың шарпыған аумағы - 2 мың шаршы метр. Өрт сөндірушілер келгенше қойма толығымен жанып, төбесі опырылып кеткен. Қызыл жалынмен күресті қоймадағы тауарлардың көптігі қиындатқан. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел штаб құрамы шұғыл жетіп, үш сағатта өрт толығымен сөндірілген. Бұл оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу