Қостанайда мектепте балаларға оқ атылады деп елді дүрліктірген 10 жасар оқушы болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда мектепте балаларға оқ атылады деп елді дүрліктірген 10 жасар оқушы болып шықты

14.02.2024

Қостанайда полиция қызметкерлері мектептерге терактілік шабуыл жасалғалы жатқаны жайлы жалған ақпараттың авторын анықтады. 15-ші ақпанда мектептерге басып кіріп балаларда атамыз, деген мағынадағы хабарлама ватсап желісінде тараған. Елді дүрліктірген 10 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Ол әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы жарияланымның мәтінін көшіріп, фотосуретті монтаждаған. Содан кейін хабарламаны ватсап мессенджері арқылы сыныптастарына жіберген.

Сәбит Ибраемов, Облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқушының ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. Полицейлер жалған терроризм туралы көрінеу жалған хабарлар үшін және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады.

Дауренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу