Жамбыл облысындағы атышулы оқиға бойынша қылмыскерлерге қатаң жаза кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы атышулы оқиға бойынша қылмыскерлерге қатаң жаза кесілді

24.04.2018

Жамбыл облысында осыдан 5 ай бұрын болған атышулы қылмыстық оқиғаға қатысты бүгін сот үкімі шықты. Қару алып, кісі өлтіргендердің алды 17 жылға темір торға тоғытылды. Қалғандары 3 және 6 жыл аралығында бас бостандықтарынан айрылды. 

Қылмыстық оқиғаға қатысты мәліметтер күні бүгінге дейін құпия сақталып келді. Белгілі болғаны екі ауылдың тұрғындары қыз үшін жанжалдасқан.  40-қа жуық азамат өзара есеп айырыспақ болғанда жағдай ушығып, жартылай автоматты аңшы мылтығынан оқ атылады. 9 адам жарақат алып, бір азамат сол жерде қайтыс болған. Қылмыскер Нұрзат Тілеубеков есімді азамат мұнымен шектелмей, жәбірленушінің бірінің көлігін тоқтатып, тағы да  оқ жаудырған.

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу