Калифорния штатында мектепте болған атыстан 5 адам жараланды

02.02.2018

АҚШ-тың Калифорния штатында мектепте атыс болып, 5 адам жараланды. Соңғы деректер бойынша, оқиға Лос-Анджелес қаласындағы орта мектепте болған. 12 жастағы қыз бала оқушыларға кенеттен оқ атқан. Екі 15 жастағы жасөспірімнің біреуі басынан жараланып, қазір ауруханада халі мүшкіл екені анықталды. Бұдан бөлек, бір әйел мен екі оқушы терезе шағылғандықтан түрлі жарақаттар алған. Әзірге бұл қыздың мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Полиция оны тұтқынға алып үлгерді.

Айта кетейік, таяуда ғана қаңтардың 23-і күні Кентукки штатындағы Бентон қаласында мектепте атыс болып, 1 адам ажал құшқан еді.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу