Батыс Қазақстанда 26 адам коронавирус жұқтырған
Батыс Қазақстан облысында 26 адам коронавирус жұқтырған. Оның 21 жағдайы қаңтар айында, бесеуі ақпанда тіркелді. Дертке шалдыққандардың 8-і аяғы ауыр әйел, 9-ы бала. Дені ауруханаға жатып, ем алған. Облыста қызылша бойынша да эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, - дейді мамандар. Күні бүгінге дейін 255 адам ауру жұқтырған. Олардың 90 пайызға жуығы қызылшаға қарсы екпе алмаған. Аймақта ауру ошағы тіркелген алты мектеп пен үш балабақша анықталып, 21 күн ішінде байланыста болғандарға медициналық бақылау қойылды.
Мұхамғали Арыспаев, Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы:
Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы №2 қаулы күшіне енді. Соған сәйкес медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын, халықтың көп жиналатын жерлерінде, көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға ұсыным беріледі.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын аяқтады
12.07.2026, 11:25
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05