Ақтөбе облысында бір үйір жылқы қар астында қалған
Ақтөбе облысында аптаға созылған боран адамдарға ғана емес, төрт түлікке де ауыр тиді. Мұғалжар ауданында бір үйір жылқы қарға батып өлген. Оларды Ащысай ауылдық округінің аумағынан мал іздеп шыққан тұрғындар кездейсоқ тапқан. Денелері толық қар астында қалған, тек кейбірінің басы ғана қардан шығып жатыр. Бұл малдардың жақын маңдағы Ақсу, Құмсай елді мекендеріне тиесілі еместігі анықталды. Тұрғындар мен аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, алыс елді мекендердің бірінен ығып келуі мүмкін.
Бауыржан Жолмағамбет, Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
Қараған арасында жеті жылқы малының өлімтігі табылды.Қазіргі таңда осы жеті малдың иелерін анықтау мақсатында ауылдық округ әкімдері мен мал дәрігерлері бірігіп, таңбалары арқылы иесін анықтау жұмысы жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында жаңа спорт нысаны ашылды
17.12.2025, 17:39
Әскери даярлық пен технология қатар дамып келеді
17.12.2025, 17:37
Бурабайда құтқару жасағының екі станциясы пайдалануға берілді
17.12.2025, 17:35
Жамбыл облысының Жаңасаз ауылына таза су тартылды
17.12.2025, 17:33
Шымкентте 20 отбасы жаңа баспанаға кірді
17.12.2025, 17:31
Жаркент мектебінде кәсіби бағдар беретін жоба іске қосылды
17.12.2025, 17:29
Тыйым салынған жерде темекі тарту – 65 мың теңге айыппұл
17.12.2025, 17:27
Астанада тәрбиеші бүлдіршінді жәбірлеген
17.12.2025, 17:24