Түркістан облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды

13.02.2024

Түркістан облысының Шардара су қоймасынан электр құрылғысын пайдалану арқылы балық аулап жүрген бркаоньерлер ұсталды.

Өңірдің мамандандырылған табиғат қорғау прокурорлары кезекті тексеру шарасын жүргізу кезінде ешбір рұсатсыз балық ұстаумен айналысып жүрген жергілікті тұрғындарды анықтаған. Браконьерлер мінген Нива автокөлігінен үш қап әр түрлі балық табылған. Сонымен қатар, 3 қайық пен электр құрылғылары тәркіленді. Қадағалау орган өкілдері су қоймасының тыйым салынған жерінен заңсыз балық ұстап жүрген тағы бір топты қылмыс үстінде қолға түсірді. Олардан да маторлы қайық пен электр құрылғысы табылған. Ал жигули автокөлігінен 100 келіден астам әр түрлі балық шыққан. Қазіргі таңда екі жәйт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Прокурорлардан қашып үлгерген үш браконьер іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, өткен жылы табиғат қорғау прокурорларымен заңсыз балық аулаудың 23 дерегі тіркелген болатын.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу