Қарағанды қаласының құрылғанына 90 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды қаласының құрылғанына 90 жыл толды

10.02.2024

Бүгін кеншілер өңірінің орталығы Қарағанды қаласының құрылғанына 90 жыл. 20 ғасырдың басында еліміздегі индустрияны дамытуға күш салынғанда бой көтерген қалада сол кездері көмір шахталары, металлургиялық комбинат іске қосылды. Шаһар аз уақытта кеншілер мен инженерлердің, металлургтердің сүйікті орталығына айналды. Қазір экономикасы бір өндіріске тәуелді емес. Түрлі сала бойынша дамыған еліміздегі үлкен шаһарлардың бірі. Бүгінде заманауи ғимараттар мен жаңа үйлер көптеп салынған, инфрақұрылымы мен сәулеті келіскен қалада жарты миллионға жуық тұрғын бар.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу