М.Әуезов атындағы театрдың құрылғанына – 90 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әуезов атындағы театрдың құрылғанына – 90 жыл (ВИДЕО)

28.03.2016
М.Әуезов атындағы театрдың құрылғанына – 90 жыл (ВИДЕО)

Биыл М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының құрылғанына  90 жыл толды. Осыған орай, «Таңшолпан» тілшісі Жазира Зәкірқызы өнер ұжымының директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләлмен сұхбаттасып қайтты.

«Театр маусымы табысты басталды. Әрине, мұның барлығы табанды еңбектің нәтижесі. Ата театрымыз атына сай болып келе жатқаны көрермен қауымға аян. Сол мәртебемізді жоғалтып алмау үшін жұмыс істеп жатырмыз», дейді Е.Біләл

Биылғы «Театр көктемі» фестивалі де осы ұжымның 90 жылдығы мен «театрдың анасы» атанған Хабиба Елебекованың 100 жылдық мерейтойына арналды.

Фестиваль барысында келушілер назарына мекеме тарихын қамтитын фотокөрме ұсынылды.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу