«Әкемтеатрдың» құрылғанына - 90 жыл! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әкемтеатрдың» құрылғанына - 90 жыл!

24.03.2016
«Әкемтеатрдың» құрылғанына - 90 жыл!

Жыл өткен сайын тарихы тереңдеп бара жатқан Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жалпы қазақ өнерінің, оның ішінде сахна өнерінің кәсіби тұрғыда қалыптасуы, дамуы жолында атқарып келе жатқан еңбегі орасан.

Өзінің даму жолында бірнеше кезеңнен өткен театр бүгінгі таңда да ұлттық сахна өнерінің көшбасшы келбетімен Орталық Азия аймағындағы драма театрлардың арасында да алдыңғы лектен көрініп келеді.

«Әкемтеатрдың» табалдырығын кезең-кезеңімен аттаған талай буын өкілдері қарашаңырақтың ғана мәртебесін биіктеткен жоқ, жалпы қазақ өнерінің еңсесін көтеруге үлес қосты.

Құрылғанына 90 жыл толған «Әкемтеатрдың» саңлақтары мен қайраткерлері бүгін 20:20-да «Айтуға оңайда» қонақта.

Хабарламаларға жазылу