Басты Жаңалықтар Шығыс Қазақстан облысының әкімі қоғамдық көмекшілерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі қоғамдық көмекшілерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі қоғамдық көмекшілерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қоғамдық көмекшілер институты құрылғанына 5 жыл толды. Билік пен халықтың арасында алтын көпір қызметін атқаратын мұндай институт тек осы өңірде ғана бар.

Әрбір аудан мен қаладағы қоғамдық көмекшілер жергілікті халықтың проблемалары мен жалпы саяси-экономикалық жағдайды  тікелей аймақ басшысына хабарлап тұрады. Олар көтерген мәселелердің 90 пайызы оң шешімін тапқан.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің қоғамдық көмекшілерімен кезекті рет кездескенінде айтты. Жиында 5 жылдық жұмысқа қорытынды жасалып, алдағы уақытта қай салаларды жіті назарда ұстау керектігі талқыланды.

Кездесу соңында қоғамдық көмекшілерге облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, жаңадан тағайындалғандар қызметтік куәліктерін алды.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Бөлісу