Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылғанына 13 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылғанына 13 жыл толды

12.07.2014
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылғанына 13 жыл толды

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылғанына биыл 13 жыл толды. Осы орайда Бейжіңде ұйымның хатшылығының бастамасымен салтанатты қабылдау кеші ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға ұйымға мүше елдердің дипломатиялық өкілдері мен Қытай сыртқы істер министрі Ван И қатысты. Ол ұйымның 13 жылдығымен құттықтай отырып, атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Министр өз сөзінде ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің басшыларының өзара түсіністігі мен ынтымақтастығының арқасында ұйым аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі күшіне айналғанын айтты.

Шараға қатысқан сарапшылар ШЫҰ-ның басты мақсаттарының бірі БҰҰ мен ТМД секілді халықаралық ұйымдармен ықпалдасу аясын кеңейту болып табылатындығын баса айтты. 

Дмитрий Мезенцев, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы:

ШЫҰ-ның беделі жылдан-жылға артып келеді. Ұйыммен әріптестік қатынастағы және бақылаушы елдер қатары толыға түсуде. Қазір ұйымның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын жобалаудамыз.

Ұйым оған мүше елдердің саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын жаңа сатыға көтеруде тынымсыз жұмыс атқаруда.

Дәрен БАУЫРЖАНҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу