Анкарада Сүйінбай Аронұлының ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада Сүйінбай Аронұлының ескерткіші ашылды

21.06.2016
Анкарада Сүйінбай Аронұлының ескерткіші ашылды

Анкараның төріне Сүйінбай Аронұлының бюсті орнатылды. Ескерткіш Кечиорен ықшам ауданында былтыр ашылған Сүйінбай саябағына қойылды. Салтанатты шараға  аудан әкімі, дипломатиялық миссиялардың басшылары, қазақ пен түрік зиялылары және Қазақстаннан арнайы келген жыраудың ұрпақтары қатысты.

Жиылған қауым ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ақынның рухына дұға бағыштады. Биіктігі 2 метрден асатын туындының авторы – танымал скульптор Нұрғалым Исабаев.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу