Ұлттық музейде Сүйінбайдың 200 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде Сүйінбайдың 200 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді

17.11.2015
Ұлттық музейде Сүйінбайдың 200 жылдығына арналған іс-шаралар  өтеді

Онда айтыс өнерінің шебері, ақын Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» атты дөңгелек үстел және көрме өтеді.

Дөңгелек үстел отырысына мемлекеттік орган басшылары, елімізге белгілі ақын, жазушылар мен қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары қатысады деп күтілуде.

Шараның мақсаты Жетісу жерінде дүниеге келген айтыскер-ақын Сүйінбай Аронұлының өмір жолы мен шығармашылығы және ақындық өнерінің жан-жақты қырларын ашу. Жалғасын тауып келе жатқан ақындық дәстүрдің қазіргі айтыстағы өзгешеліктері мен  айырмашылықтарының жігін ажырату.

Ұйымдастырылатын жылжымалы көрмені Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалдық музейі және Ұлттық музей бірігіп экспозициялайды.  Көрмеде ХІХ ғасырдағы ақындардың тұтынған заттары негізінде алынған жәдігерлер мен ХХ ғ. жазушылар мен ғалымдар және ақындардың айтыс ақындары туралы еңбектері мен зерттеулері, арнау жырлары жинақталып ұсынылады.

Айтыскер ақындар Сырым Әуезхан мен Таңжарық Ержан қазіргі кезеңдегі айтыс өнері мен Сүйінбай Аронұлының ақындық шеберлігінің үлгісін көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу