Түркияда Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті

08.07.2015
Түркияда Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті

Жиынға түріктің танымал жазушылары, қоғам қайраткерлері мен Алматы облысынан арнайы келген делегация қатысты.

Сүйінбай Аронұлы – түркі дүниесіне ортақ тұлға. Жастайынан жырларымен елге танылған ақын өз өмірін жұртының береке бірлігі мен ынтымағына арнаған.

Алматы облысының «Сүйінбай сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі конференция барысында арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды. Өнерпаздар ақынның бірнеше жырын орындап, көпшілікті бір серпілтті.

Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орай Түркияның танымал «Кардеш калемлер» журналы мамыр айындағы толық нөмірін оның өміріне арнаған.

Бұдан бөлек ТҮРІКСОЙ ұйымы ақынның өлеңдерің қазақ және түрік тілдеріне аударып, «Сүйінбай ақын» деген атпен кітап шығармақ.

Ал, тамыз айында Бішкекте халықаралық ұйым ақындар айтысы, ғылыми-практикалық конференция мен концерттік бағдарлама ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу