«Сөздің пірі – Сүйінбай». Халықаралық ақындар айтысы. 2-бөлім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сөздің пірі – Сүйінбай». Халықаралық ақындар айтысы. 2-бөлім

08.11.2015
«Сөздің пірі – Сүйінбай». Халықаралық ақындар айтысы. 2-бөлім

Мұхтар Әуезов Сүйінбай Аронұлына «Айтыс өнерінің алтын діңгегі», деп бекер баға бермесе керек. Ел тағ­ды­рын толғап, шежіремізді шебер тіл­мен шер­тіп, тарих тереңіне бойлаған Сүйінбай ақынның шынында алтын діңгек екені ақиқат.

Осыдан біраз уақыт бұрын Талдықорғанда Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған «Сөздің пірі – Сүйінбай» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.

Айтысқа  арысы Қытай, Моңғолия мен Қырғыздан, берісі еліміздің әрбір өңірінен 20-ға жуық ақын қатысты.

Жыр додасының телевизиялық нұсқасының 2-бөлімін  бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:10-да тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу