21 маусым – 98 жылдық тарихы бар «Жетісу» газетінің  жарық көрген күні (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 маусым – 98 жылдық тарихы бар «Жетісу» газетінің  жарық көрген күні (ФОТО)

21.06.2016
21 маусым – 98 жылдық тарихы бар «Жетісу» газетінің  жарық көрген күні (ФОТО)

«Жетісу» Алматы облыстық қоғамдық-саяси газетінің  алғашқы саны 1918 жылы 21 маусымда «Жетісу ісші халық мұқбыры» деген атпен жарық көрді (небәрі 41 нөмір).  

1918 жылдың желтоқсанынан «Көмек» деп аталған дербес қазақ газеті аптасына екі рет шығарыла бастады. Ол алғаш 1500 дана болып жарық көріп, тегін таратылды.

Газет 1920 жылы  4 қаңтардан бастап «Ұшқын», 1 қарашадан «Бұқара» деп аталды. 1921 жылдың наурыз айына дейін ұйғыр тілінде шығарылған «Бұқара» газетіне Исмаиыл Тайыров редактор болып, оның 17 нөмірі жарық көрді.

21 маусым – 98 жылдық тарихы бар «Жетісу» газетінің  жарық көрген күні

Соңынан Қ.Абдуллин редакторлық еткен «Кедей еркі» газетінің 25 нөмірі шығып, ол 1922 жылдың 18 тамызынан «Тілші» газеті болып өзгерді. Алғашқы редакторы Сәдуақас Оспанов болды. 1929 жылдың соңында «Еңбекші қазақ» газетіне қосылды.

21 маусым – 98 жылдық тарихы бар «Жетісу» газетінің  жарық көрген күні

Облыста 1934-1954 жылдары «Сталин жолы» атты  газет шығарылды. Ол 1954-1963 жылдар аралығында  «Коммунизм таңы» деп аталды. Ал, 1963 жылдан бері «Жетісу» деген атпен шығып келеді.

Газет қазір Алматы облысы әкімшілігінің органы ретінде бұрынғы 4 беттік көлемін кеңейтіп, 24 бет болып жарық көруде.

Хабарламаларға жазылу