Америкада миграциялық дағдарыс Ақ үй мен штаттар арасындағы саяси жанжалға айналып барады. Тіпті, Техас штаты Байден әкімшілігінің де, Жоғарғы соттың да ұйығармын тыңдамай шекарада өз ережесін орнатып, тәртіпті қатаңданып жатыр. Жалпы, сарапшылар бұл дағдарыс АҚШ басшысының биылғы президент сайлауында жеңіске жетуіне кедергі болуы мүмкін деп отыр. Меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы тарқатсын.
Оңтүстік Американың бірнеше елінен шығып, апталап жүріп келе жатқан кезекті мигранттар тобы Мексика-АҚШ шекарасына жақындап қалды. Көшке ілескендердің саны бірнеше мыңға жуықтайды. Көбін елдеріндегі жұмыссыздық пен аштық титықтатқан.
Паола Силва, Гондураc азаматы:
Бізде жұмыс жоқ, бизнестер жабылуда, елден кетуден басқа амалымыз қалмады. Өзімізді қорғау үшін топ болып шығып ақшты бет алып барамыз.
Заңсыз мигранттардың толассыз ағынынан әсіресе Мексикамен шекаралас Техас штаты қатты зардап шегуде. Байден әкімшілігі келімсектерді кедергісіз өткізіп жатыр деп айыптаған өңір шекараға тікенек темір сымдар тартып, мигранттарды тұтқындауға кірісті. Бірақ, бұл оларды райынан қайтарар емес.
Байден әкімшілігі болса, «шекара мәселесі федералдық биліктің құзырындағы шаруа. Сондықтан Техас штаты оған заңсыз араласу арқылы конституция талабын бұзды»- деп айыптап шағым түсірген. Жоғарғы сот Ақ үйді қолдап шықты. Алайда, президенттің де жоғарғы соттың да талабын орындаудан бас тартқан Техасқа республикалықтар басым жирма бес штат қолдау білдірді. Жалпы, миграциялық дағдарыс қазір президент сайлауындағы негізгі тақырып. Саяси додаға қайта түсіп жатқан экс президент Доналд Трамп бұл мәселені сайлауалды науқанынана ұтымды пайладаланып жатыр.
Дональд Трамп, АҚШ-тың бұрынғы президенті:
Джо Байденнің тұсында біздің еліміз күйреп жатыр. Шекарамыз ашық шашық. Елімізге миллиондаған келімсек пен бірге есірткі мен қылмыскерлер енуде. Мұндай сұмдықты бұрын соңды көрмедік. Мен қайта сайлансам ұлықтау рәсімінен кейін бірінші кезекте шекараны жауып, Америкадағы ең ірі депортация операциясын бастаймыз.
Өткен бір айдың өзінде үш жүз мың адам елдің оңтүстік шекарасын заңсыз кесіп өткен. Бұл рекордтық көрсеткіш дейді көші-қон мамандары. Жалпы, Байден әкімшілігі басқарған санаулы жылда тоғыз миллионнан аса шетелдік яғни, бір Нью Джерси штатының халқымен пара пар мигрант АҚШқа келген. Сондықтан бұл президент лауазымға қайта таласып жатқан Байденнің беделіне соққы болып тиіп, сайлау қорытындысына әсер етуі мүмкін.
Жалғас Сәдібекұлы