Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
Астанадағы жасанды интеллект бойынша 3-халықаралық олимпиада Қазақстан құрамасы үшін тарихи жетістікпен аяқталды. Ұлттық құрама сапындағы сегіз оқушының барлығы жүлдегер атанып, қоржынға 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль салды. Нәтижесінде еліміз бейресми командалық есепте 6-орынға жайғасты. Отандастарымыздың арасынан Дәужан Бекетов жетістігі айрықша. Ол жеке сайыста алтын медаль еншілеп, абсолюттік есепте әлемнің үздік үш қатысушысының қатарына еніп, 2-орын иеленді. Осылайша, Дәужан Бекетов AOAI тарихында абсолюттік есепте жүлде алған алғашқы қазақстандық атанды. Жарыс 2-8 тамыз аралығында елордада өтті. Жабылу салтанатында AOAI-дың ресми туы Сингапур делегациясына табысталды.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17