Өзбекстанда Сенат депутаттарының саны қысқарады
Өзбекстанда Сенат депутаттарының саны 100-ден 65-ке қысқарады. Парламент палаталарының бір-бірін қайталайтын өкілеттіктері енді болмайды. Жаңартылған Конституцияға сәйкес, елде осындай өзгеріс енгізілмек. Бұл туралы Олий Мәжіліс Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді. Әр әкімшілік аумақтан 4 сенатордан сайланады, 9 депутатты президент тағайындайды. Заң шығару палатасы спикерінің орынбасарлары 7-ден 2-ге дейін қысқарады. Мұнан бөлек, осы аптада бірқатар лауазым иелері орынтағымен қоштасты. Өзбекстан президенті инвестиция, экспорт және өндіріс саласындағы ірі лауазым иелерін қызметінен босатты.
Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:
Экспорт экономикаға тікелей әсер ететін сала. Егер валюталық тепе-теңдікті сақтағымыз келсе, импортқа қатысты экспортты тұрақты ұстауға тиіспіз. Дамудың жаңа деңгейіне көтерілу үшін экспортты жылына кемінде 30 пайызға арттыруымыз керек.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13