Шыңжаңда жер сілкінісінен 47 үй құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыңжаңда жер сілкінісінен 47 үй құлады

23.01.2024

Қытайдың батысындағы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағының Ақсу префектурасында қуаты 7,1 баллдық жер сілкінісінен 6 адам жараланды. Олардың екеуінің жағдайы ауыр. 47 үй құлап, 78 баспана зақымданған. Қазір, апаттан зардап шеккен елді мекендерге көмек пен құтқарушылар жіберіліп жатыр. Елдің зілзала жөніндегі желілер орталығының хабарлауынша, дүмпу ошағы Қырғызстанмен шекаралас Үштұрпан уезінде анықталған. Ал АҚШ-тың Геологиялық қызметінің хабарлауынша, магнитудасы 7 баллдық жер сілкінісі Тянь-Шянь тауларында болып, оны Үрімшы, Қашғар, Хотан, Алматы тұрғындарымен бірге, Қырғызстан мен Өзбекстан жұрты да сезген.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу