Қытайдағы жер сілкінісінен 126 адам қаза тауып, 700-ден астамы жараланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы жер сілкінісінен 126 адам қаза тауып, 700-ден астамы жараланған

19.12.2023

Қытайдағы зілзаладан қираған аудандарда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, қуаты 6,2 баллдық жер сілкінісінен 126 адам қаза тауып, 700-ден астамы жараланған. Алапат дүмпуден негізінен Ганьсу және Циньхай провинциялары қатты зардап шекті. Оларда мыңдаған үй мен ғимараттар зақымданған. Бұған қоса, электр жүйесі істен шығып, байланыс үзіліп, көлік қатынасы тежеліп отыр. Сонымен қатар, Ганьсудың батысындағы Шыңжаңда да магнитудасы 5,5 баллдық дүмпу тіркелді. Алайда, бұл аймақтан құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Құтқару операцияларына 4 мыңдай адам тартылып отыр. Олардың қатарында өрт сөндірушлер, полицейлер, жауынгерлер бар.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу