Қытайдағы жер сілкінісінен 350 үй қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдағы жер сілкінісінен 350 үй қирады

13.02.2014
Қытайдағы жер сілкінісінен 350 үй қирады

Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 350 ғимарат қирады. Зілзаланың қуаттылығы 7, 3 балл болған.

Ең алғашқы дүмпу Астана уақытымен сағат 17:19-да Хотан аумағындағы Юйтянь уезінде анықталған. Қытайдың сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Куньлунь тауында, 12 мың шақырым тереңдікте тіркелген. Апат болған жерге құтқару қызметтері жөнелтілді.

Хабарламаларға жазылу