Қытайда лай көшкіні жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда лай көшкіні жүрді

22.01.2024
Қытайда лай көшкіні жүрді

Қытайдың Юньнань провинциясында лай көшкіні жүріп, 47 адам жоғалып кетті. Бірнеше ауылды топырақ басып қалған. Үйлер құлады. Табиғи апаттан зардап шеккен ауданда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 500-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Әзірге көшкінге не себеп болғаны белгісіз. Билік тексеру жүргізіп жатыр. Апат болған жер таулы аймақта орналасқан. Мұнда лай көшкіні жиі болып тұрады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу