Астанада «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасын сәтті аяқтаған педагогтерге Оқу-ағарту министрі сертификат табыстады. Бұл құжат ұстазға конкурстық рәсімдерсіз бірден бірінші басшының бос орнына тағайындалуға мүмкіндік береді. Қатысушылар бес кезең бойынша іріктелген. Бастапқыда 8 068 адам тіркеліп, оның 2 809 –ы тестілеуден сәтті өткен. Былтырғы шілдеден бастап «Назарбаев зияткерлік мектептеріне» қарасты шеберлік орталығы базалық деңгейде 500-ге тарта үміткерді оқытты. Топ-менеджерлер замануи оқу жүйесіне қатысты тақырыптарды тереңірек зерттеді. Алайда, барлық кезеңнен сүрінбей өткен 208 педагог қана мектеп басшыларының республикалық кадрлық резервіне енді.
Ерлан Дандыбаев, «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасының қатысушысы:
Біз тек қана мектептегі дүниелерді ғана емес, сонымен қатар, нормативтік және қаржылық модульдің арқасында біз мектепте туындайтын осы мәселеге байланысты сұрақтарды тереңінен қарастырдық. Сол сұрақтарға басқаша қырынан қарайтын болдық.
Жандос Темірғали