Есірткіні насихаттайтын граффитилер өшірілді
Елордада есірткіні насихаттайтын тұрғын үй қабырғаларындағы жазулар өшірілді. Шара «Астана – есірткісіз қала» акциясы, «Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылды. Оған «Есіл» ауданы әкімдігінің өкілдері, полиция қызметкерлері, «Астана жастары» жастар орталығының еріктілері мен есірткі қылмысына қарсы бөлім мамандары қатысты. Рейд барысында тыйым салынған заттарды жарнамалайтын белгілер бар 1 нысан анықталып, 9 граффити боялды. Әкімдік өкілдері жыл басынан бері алты рейд өткенін, мұндай дерек биыл бірінші рет анықталғанын айтады. Ал былтыр 15 тексеру жұмысы жүргізілген. Жиырмаға жуық ғимараттан 42 жазу анықталып, барлығы жойылған. Рейдтің мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алып, зиянды әдеттерге қарсы тосқауыл қою және қаладағы қауіпсіздікті күшейту.
Жандос Сейтенов, қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:
Мұндай іс-шаралар аптасына бір рет жүргізіліп отырады. Себебі Астана қаласы өте үлкен. Сондықтан әрбір аумақта жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, өз аумағында жұмыстар жүргізеді. Көбіне үйлердің қабырғаларында, адам көп шоғырланған жерлерде, саябақтарда, қаланың сыртында осындай есірткі граффитилер жазылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы